Сот қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізутуралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттар жұмыстарының қолжетімділігі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтауға бағытталған online-сауалнамалау шеңберінде, респонденттер басқа ұсыныстармен қатар, сот қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізу қажеттілігі туралы айтылды.

Жоғарғы Сотта талқыланғаннан кейін негізді деп танылған азаматтардың ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында сот қызметкерлерін сот процесінің қатысушыларынан ерекшелеуге мүмкіндік беретін жапсырмасы бар ұстамды түстік гаммада орындалған нысанды киім эскизі әзірленді. Пилоттық тәртіпте Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының соттарында құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асыратын сот қызметкерлері және сот мәжілістерінің хатшылары нысанды киім үлгісімен қамтамасыз етілді. Қалған аймақтарда сот қызметкерлерін нысанды киіммен 100 % қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Осы жобаны жүзеге асырудың жағымды нәтижелерін ескере келе, барлық өңірлерде сот қызметкерлерін бірыңғай нысанды киіммен тұрақты негізде қамтамасыз ету мәселесі талқылануда.

Осы шараның мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарсыз жүзеге асырылғандығын атап өткен жөн.

Бірыңғай киім үлгісі мемлекеттік қызметкерлердің сыртқы бет-бейнесіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді, еңбек тәртібін нығайтуға, қоғамдық санада сот қызметкерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғарғы Сот «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде электронды әлеуметтік сауалнама жүргізліп, online-сауалнамалаумен сот үдерісінің қатысушылары: талапкерлер, жауапкерлер, жауапқа тартылатын тұлғалар, адвокаттар, прокурорлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар,  Жоғарғы Сот ғаламтор-ресурсының «Сот кабинеті» сервисінде тіркелген басқа да тұлғалар қамтылды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі