Республика соттарының судьялары мен қызметкерлері қайырымдылық акциясына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңа жыл қарсаңында республика соттарының судьяларымен мамандары қайырымдылық акцияларына қатысты, олар қамтылмаған отбасыларға, толық емес отбасыларда, балалар үйіндегі тәрбиеленушілеріне барып шықты.

Қостанай облыстық сотының судьялары мен мамандары Марат Жазықовтың отбасына барды, ол ұзақ уақыт бойы жалғыз өзі кәмелетке толмаған Ұлан, Әмір және Лаура үш баласын тәрбиелеуде. Өмірлері қиындыққа кенде болмаған Марат пен оның балалары жалғыз баспана үшін дау үстінде. Жуырда іс сотта қаралмақ. Ай сайын балалардың әкесі 7 000 теңге жәрдемақы және жүргізуші болып істеген еңбегі үшін 22 000 теңге жалақы алады.

Келесі отбасында үш жас баланы жалғыз басты ана тәрбиелеп отыр. Кирилл, Данил және Саша олардың аналары Ольга Плкасинаның жұбайы екі жыл бұрын қаза болған. Бүгінде үш баланың анасы үйінде бала тәрбиесімен айналысып, тоқыма немесе қол өнерімен ақша табады.

Қиындықтарға қарамастан бұл отбасылардағы балалар ашық мінезді, әдепті болып өсіп келеді. Өз жанашырларын оқудағы жетістіктерімен қуантуда, үй шаруасына көмек көрсетуге тырысады.

Сот қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында балаларға ақ баталарын беріп, жүректерінде адалдық пен жақсылыққа деген сенім оты үзілмеулеріне, келешекте үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

 

ҚР Судьялар одағының БҚО филиалының ұйымдастыруымен балаларға арналған дәстүрлі жыл сайынғы жаңа жылдық шырша өтті.

Дәстүр шеңберінде жаңа жылдық театрландырылған қойылымнан кейін балаларға «Қасқыр, түлкі және жаңажылдық ғажайыптар» пъесасы бойынша ертегі көрсетілді. Әрбір бала жаңа жылдық тәтті сыйлық алды.

 

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетайдың ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді, сонымен қатар онда аз қамтылған отбасылардың балалары да қатысты. 

М.Әкетай балалардың ертеңі үшін мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалған.

Жаңа жылдық кешке «Алақай» қуыршақ театры арнайы шақырылып, ертегілік қойылымдар ұйымдастырылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысының сот қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерекесіне орай «25 мейірімді іс» акциясы аясында 25 іс-шара өткізді. 

Петропавл қалалық сотының ұжымы «Облыстық жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен сот қызметкерлері көрініс дайындады. Балалар қонақтармен бірге ән салды, өлең айтты, әр түрлі байқауларға қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Петропавл қаласы әкімдігінің мектептен тыс жұмыс мемлекеттік балалар мен жасөспірімдердің орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілеріне барды. Гір спортымен айналысып жатқан жас спортшылардың жаттығуына қатысқан судьялар оларды мерекемен құттықтап, оқуда сәттілік және спортта жетістіктер тіледі. Бұдан басқа балаларға спорттық киімдер сатып алу үшін материалдық көмек көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып қайтты. Сот төрағасы балаларға сыйлықтар табыс етті.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар да назардан тыс қалған жоқ – сот қызметкерлері оларға азық-түлікпен көмектесті. Еңбек ардагерлерін, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, қарттарды құттықтады, оларға бағалы сыйлықтар сыйлады және тұрмыс жағдайларына көмек көрсетті.

 

Маңғыстау облыстық сотында балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті, оған аз қамтылған отбасының балалары шақырылды.

Жаңа жылдық шырша мерекесінде балалар арасында түрлі ойындар ойнатылып, би мен ән-жыр, тақпақ айту бойынша жарыстар  өткізілді. Ертегі мен сан алуан мультфильм кейіпкерлері кішкентай көрермендерге нағыз жаңа жылдық тарту ретінде ертегі қойылымын көрсетті.

Шара соңы  балаларға арнайы жайылған мерекелік дастарқанмен жалғасын тауып, ұмытылмас әсерге бөленген  әрбір бала мерекелік шара соңында сыйлық алып тарқасты.

 

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Жаңа жыл қарсаңында балаларға деңсаулық, күлкі және барлық жақсылықтарды тілеп, «Айналайын» балалар үйінің «Бөбек» кішкентай тобының бөбектерін құттықтады.

Судьялар балаларға әдемі әрі қызықты ойыншықтар, тәттілер мен жеміс-жидектер түрінде сыйлықтар сыйлады.

 

Судьялар одағының Қарағанды филиалы балаларға арналған жаңа жылдық іс-шара өткізді, оған облыстық соттың балалары, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан және балалар үйінен балалар шақырылды.

Балалар танымал кейіпкерлердің қатысуымен театрландырылған шырша қойылымын көріп, жаңа жылдық әндер, тақпақтар айтып, үлкен шыршаны айналып ән шырқады.Аз қамтылған отбасының, сондай-ақ ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға көңілді мерекелік ән, би, сыйлықтар сыйға тартылды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі