Архив событий

27/09/2017

Жоғарғы Сот журналистерге Ахуалдық орталықты таныстырды

27/09/2017

2017 жылғы 13 қыркүйекте Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысын іске қосуға ресми түрде пәрмен берді. Бүгін электронды сот төрелігінің жаңа құрылымы мен соңғы атқарылған жұмыстар бойынша журналистер үшін арнайы пресс-тур өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары мен медиаторлары дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды талқылады

27/09/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалымен бірлесе «Медиация тәртібінде жекелеген санаттағы істер бойынша дауларды сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Татуластыру рәсімдері бойынша өзекті сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

"Дөңгелек үстелге" облыс судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар қатысты.

Қ.Мәми Қытайдың Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысты

27/09/2017

Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Сотының Төрағасы Чжоу Цян мырзаның шақыртуымен Қайрат Мәми Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысу үшін Қытайдың Дуньхуан қаласына (Ганьсу провинциясы) келді.

Форум жұмысына Судан, Венесуэла, Әзербайжан, Тәжікстан жоғарғы соттарының төрағалары, сондай-ақ, 15 шақты елдің сот төрағалары мен судьялары қатысуда.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

27/09/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдуғалиев сот актілерін орындаудың өзекті мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық соттың судьялары Елдос Жұмақсанов, Қымбат Манақаева, Соттар Әкімшісінің басшысы Ерғали Айтпай, Әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Нұржан Құрманғалиев, Жеке сот орындаушылық қызметінің басшысы Дәурен Сәрсембаев, қалалық соттардың төрағалары және Соттар әкімшісінің мамандары қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық соты тараптардың шағымы бойынша азаматтық істерді қайта қарап, екі іс бойынша медиативтік келісім бекітті

27/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы апелляциялық шағымдарды қарау нәтижелері бойынша медиация тәртібімен келісім бекітіп, екі іс бойынша өндірісті қысқартты.

Қостанайда пәтерінен айырылу қауіпінде болған азаматша сотта қызымен татуласып, бітімгершілікке келді

27/09/2017

Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны сыйға тарту келісімін жарамсыз деп тану туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген. Осыдан бір жыл бұрын ол өзінің үш бөлмелі пәтерін қызына сыйға тарту шартын рәсімдеген. Жылжымайтын мүлік 27 жастағы азаматшаға туристік визамен АҚШ-қа баруы үшін керек болған. Ол кейін көші-қон жағдайын өзгеріп тұрақты сол елде қалуды жоспарлаған. Қызы анасына америкалық визаны алған соң пәтерді өзіне қайта рәсімдеуге уәде етеді.