Архив событий

29/09/2017

Жоғарғы Сот судьясы Е.Максюта «Мемлекеттің ашықтығы және есептілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаттың негізі» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

29/09/2017

Форумды  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, халықаралық, үкіметтік емес, құқық қорғау, кәсіподақ ұйымдармен қатар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев Мойынқұм ауданында болып, азаматтарды қабылдады

29/09/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев аймақтағы арнайы іс-сапарымен Мойынқұм аудандық сотында болып, азаматтарды қабылдады.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков пен Ардақ Әкетаев, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Бағлан Дәлібаев, сондай-ақ «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Сүндетолла Әбілов қатысты.

Евразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары Ж.Бәйішев Қарағанды облыстық сотының судьяларымен кездесті

29/09/2017

Жолымбет Бәйішев әріптестеріне Евразиялық экономикалық одақ соты қызметі туралы айта отырып, сондай-ақ Евразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарттарды жүзеге асыру мен Одақ шеңберіндегі халықаралық келісім-шарттардан туындайтын кеден және банктік дауларды қарау бойынша халықаралық сот тәжірибесімен бөлісті.

Спикердің айтуы бойынша мүше-мемлекеттер одақ шеңберінде немесе оның ЕЭОС туралы келісім-шарттың жекелеген ережелеріне сәйкес халықаралық шарттар негізінде талап арыздар бере алады.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық процесті реформалауды түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді

29/09/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, қылмыстық процесті реформалау жөнінде  Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан жұмысқа тоқтала кетті. 

Е.Айтжанов бүгінгі таңда сот төрелігі жүйесін жетілдіру аясында қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін көтеру және жазаның қатаңдығын төмендету бойынша реформа өткізіліп жатқанын атап өтті. Жаңғырудың аталмыш сатысы ұлттық заңнаманың қылмыстық қудалау саласындағы халықаралық стандарттарға сай сәйкестендіруге бағытталған.