Евразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары Ж.Бәйішев Қарағанды облыстық сотының судьяларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жолымбет Бәйішев әріптестеріне Евразиялық экономикалық одақ соты қызметі туралы айта отырып, сондай-ақ Евразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарттарды жүзеге асыру мен Одақ шеңберіндегі халықаралық келісім-шарттардан туындайтын кеден және банктік дауларды қарау бойынша халықаралық сот тәжірибесімен бөлісті.

Спикердің айтуы бойынша мүше-мемлекеттер одақ шеңберінде немесе оның ЕЭОС туралы келісім-шарттың жекелеген ережелеріне сәйкес халықаралық шарттар негізінде талап арыздар бере алады.

«Мемлекеттермен бастау алған дауларды қарау нәтижелері бойынша сот шешім шығарады, ол тараптармен міндетті түрде орындалуға жатады» –деп көрсетті Ж.Бәйішев.

Сонымен қатар, кездесуде ЕЭОС Хатшылығы басшысының орынбасары Николай Кулеш сөз сөйледі. Ол сот Хатшылығының құрамы мен қызметі туралы айтты.

Кездесу қатысушылары сот тәжірибесінің маңызды мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі