Архив событий

27/07/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

27/07/2017

Интернет-конференцияның өткізілетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына және Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарланды.

Интернет-конференцияға қатысқан азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері Қызылорда облыстық сотының ресми-сайтындағы төраға блогына кіріп, «Сұрақ-жауап» айдарына және соттың электрондық поштасына өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын жолдады.

Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев жұмыс сапарымен Таран аудандық сотында болды

27/07/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау мақсатымен Таран ауданына іссапармен барды.

Жиынға Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулин, аудандық сот төрағасы Сабыр Тажкенов, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың алты айында сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі нәтижелері мен істерді қарауда заңдылықтардың сақталуы мәселелері айтылды.

Алматы облыстық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысын шығарды

27/07/2017

Алматы облыстық сотында Жоғарғы Сотының судьясы, Сот жюриінің төрағасы Моряк Шегенов, облыстық соттың төрағасы Мейрамбек Таймерденов, алқа төрағалары, облыстық,  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.