Архив событий

05/07/2017

Құрметті оқырмандар!

05/07/2017

Сіздерді келе жатқан Астана күнімен құттықтаймын!

Әрбіріміз үшін қастерлі Астана елорда мәртебесін иеленгелі бері  жас мемлекетіміздің табыстылығы мен көркеюінің жарқын нышанына айналды. Бұл айшықты ерекшелік қаланың қайталанбас сәулетінен, іскерлік белсенділігінен, мәдени өмірінен, инновациялық инфрақұрылымынан, әрине, астаналық тұрғындардан да анық көрініс табуда.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетай: «Астана – бірліктің символы және қазақстандықтардың мақтанышы»

05/07/2017

Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік мереке – Астана күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Іс-шараның ашылуы Мемлекеттік гимннің орындалуымен және Ұлттық Ұлан офицерлерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуімен бастау алды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Козлов жұмыс сапарымен Қостанай облыстық сотында болды

05/07/2017

Парламенті Мәжілісінің депутаты Евгений Козлов Қостанай облыстық сотында судьялармен және сот мамандарымен кездесті.  

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Евгений Козлов жұмыс сапарына сай облыстағы стратегиялық нысандарға барумен қатар, сотқа да келді.

Ақмола облысында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС басшысының орынбасары алаяқтық жасағаны үшін сотталды

05/07/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС Астрахан аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары мен келісім-шарт негізінде қызмет етіп жүрген маманға қатысты алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық істер қаралды.

Сот анықтағандай, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС басшысының орынбасары мен маманы, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, жеке кәсіпкерді алдап, электр энергиясы есебі көрсеткіштерінің қателіктері үшін  жалған айыппұл негізінде айыппұл сомасын төмендету мәселесін шешу үшін 108 мың теңге көлемінде ақша алған.

Парламент Сенатының депутаттары Атырау облыстық сотында болды

05/07/2017

Парламент Сенатының депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Ғұмар Дуйсембаев Атырау облыстық сотының судьяларымен кездесті.

Іс-шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, судьялардың заң шығарушы орган өкілдерімен бірлесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауының  маңыздылығын атап өтті. Облыстық сот ұжымы Г.Дүйсембаевты жаңа жауапты лауазым – Сенат депутаты болуымен құттықтады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот шешімін әзірлеу әдістемесі туралы семинар өткізілді

05/07/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Америка заңгерлерінің  Қазақстандағы қауымдастығы өкілдігінің қолдауымен «Талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері бойынша сот шешімін әзірлеу әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Инесса Қуанова, АВА ROLI  халықаралық ұйымының өкілі Айжан Әлмусина, 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар судьялар қатысты.