Архив событий

28/07/2017

Қазақстан Республикасының Әскери соты 25 жылдығын атап өтті

28/07/2017

Астанада еліміздің Әскери соттарының құрылғанына 25-жыл толуына орай мерекелік салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Әскери соттардың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, Бас әскери прокуратураның, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұлан және ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен өкілдері қатысты.

Республика соттары өткен бірінші жартыжылдық бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысын шығарды

28/07/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша өңір судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін іске асырудың қорытындысын шығарды

28/07/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін іске асырудың қорытындысы жөнінде кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева қатысты.

Кеңейтілген кеңесті ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов өңір соттарының жұмысы сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға,  судья әдебі нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келді

28/07/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысының Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі судьялармен және сот қызметкерлерімен кездесті.  

Қ.Мәми судьялармен кездесу барысында Ұлт Жоспары аясында сот реформаларының табысты іске асырылып, судьялардың VII-съезінде Елбасы жүктеген міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының соттары 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысты қорытындылады

28/07/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына арналған өңір судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, кеңсе меңгерушілері қатысты.