Архив событий

19/07/2017

Ақтауда сот балалар үйінің тәрбиеленушісін тұрғын үй кезегіне қою құқығын қалпына келтірді

19/07/2017

Ақтау қаласының №2 сотына талап арызбен жүгінген азаматша Б. соттан Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының 01.11.2016 жылғы хаттама шешімін заңсыз деп тануды және «жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй беру кезегін қалпына келтіруді сұраған.

Сотта анықталғандай, Б. 2003 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған бала ретінде Жаңаөзен қаласындағы балалар үйіне орналастырылған, ал, 2014 жылы ол «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына»ауыстырылған.