Архив событий

18/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соты өзгертілген және күші жойылған сот актілері жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді

18/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соты өңір судьяларына ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өзгертілген және күші жойылған сот актілері көрсетілген сот бұйырықтары жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Тұсаукесер рәсімінде азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, сот бұйырықтарында азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауда жиі кездесетін қателіктері бар сот актілері жиыны тіркелгендігін, бұл жинақ судьялардың жұмысындағы қателіктерге жол бермеуге көмегі тиетіндігіне кәміл сенімін білдірді.  

300 миллионнан аса теңгені өндіріп алу туралы дау талаптардың татуласуына байланысты шешілді

18/07/2017

2014 жылдың мамырында Банк пен ЖШС 323 016 648 теңге мөлшерінде сомаға несиелік желі ашу туралы келісім жасады. Алайда қарыз алушылармен төлеудің белгіленген тәртібі бірнеше рет бұзылған және бүгінгі күнге дейін тәртіп сақталмауда, бұл негізгі қарыздың, сыйақының қайтарылуын кешіктіріп, берешектің өсуіне әкелді.

Осыған байланысты Банк ЖШС-не негізгі қарыз бен берешекті өндіру туралы арызбен Павлодар қалалық сотына жүгінді.