Шығыс Қазақстан облыстық соты өзгертілген және күші жойылған сот актілері жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты өңір судьяларына ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өзгертілген және күші жойылған сот актілері көрсетілген сот бұйырықтары жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Тұсаукесер рәсімінде азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, сот бұйырықтарында азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауда жиі кездесетін қателіктері бар сот актілері жиыны тіркелгендігін, бұл жинақ судьялардың жұмысындағы қателіктерге жол бермеуге көмегі тиетіндігіне кәміл сенімін білдірді.  

Шара барысында, бірінші сатыдағы соттардың қателіктерін ескере отырып, сот актілеріне талдау жасай келе, Жанат Иманбаева, Еркінбек Садықов, Әлия Түсібиянова, Мәриямгүл Тоқышева, Ләззат Мамырбаева, Найля Нұралыева, Габдулхай Ситдиков, Асқар Әбжанов, Күлпан Бекішева, Ирина Дорош, Мира Қадырова және Елдос Жұмақсанов сөз сөйледі.

Шара соңында Дамир Әбдіғалиев жинақты барлық тұсаукесерге қатысушыларға табыстады. Сонымен қатар, өзгертулер барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға жіберілетіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі