Алматы облысында дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс сотының ғимараттарында ақпараттық стендтер орналастырылған, БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді .

Істі сот талқылауына дайындау барысында судьялар тараптарға пилоттық жоба негізінде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеуге мүмкіндіктері бар екенін атап өтеді. Сонымен қатар, облыс соттарында аталған жоба негізінде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу арқылы 69 азаматтық іс қаралған, оның 33-і некені бұзу туралы, 16-сы шарттық міндеттемелер саласындағы даулар, 12-сі жер бөлігінің шекарасын анықтау, қалғандары мұрагерлік құқық пен тұрғын үй қатынастарына байланысты істер бойынша қаралып, шешімін тапты.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі