Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы интернет-конференция шеңберінде азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Интернет-конференция барысында (сағат 9.00-ден 13-00-ге дейін) барлығы 6 сұрақ келіп түсті. Азаматтар моральдық шығын өтемақысын өндіріп алу, еңбек заңнамасы, «Рақымшылық туралы» заң ережелерін түсіндіруді сұрады. Сонымен бірге нақты сот істерін қарауға байланысты  сұрақтар да қызығушылық тудырды.

Мәселен, азамат А. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының қағидасы Петропавл қалалық соты героинды заңсыз сақтау үшін 3 жыл 6 ай     ға соттаған ағасына қолданылады ма деген сұрақ қойды.

Е.Айтжанов азамат И-дың сұрағына жауап бере отырып, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші – ескерту жасауға, сөгіс беруге, қатаң сөгіс беруге, еңбек шартын бұзуға құқылы екендігін түсіндірді. Еңбек кодексінде қарастырылмаған тәртіптік жазаны қолдануға рұқсат берілмейді. Сәйкесінше жұмыс беруші белгілеген шарт заңсыз.

Азаматтар қойған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғындармен сұхбаттасу мақсатында облыс тұрғындарымен интернет-конференцияларды өткізу бұдан әрі де жалғасатын болады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі