Петропавлдың бір ғимаратта орналасқан екі сотында фронт-офис ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта жане Петропавлдың №2 сотындағы ашылу салтанатына судьялар, медиаторлар, адвокаттар, БАҚ өкілдері қатысты.

Сөз сөйлей келе, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрғасы Ерлан Айтжанов фронт-офистің Жоғарғы Соттың «Үлгілі сот» жобасын іске асыруға, азаматтардың сот қызметтерінің сапасына қанағаттанушылығының, халықтың  сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыруға, сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап айтты.

Фронт-офис – халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып, кеңсе техникасымен жабдықталған кең зал. Ол үш негізгі бөлікке бөлінеді: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы.

Бөлме «кедергісіз қағидат» бойынша жайлы ашық түстермен безендірілген, ашық кеңістік басым. Кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторларға, адвокатқа және Халыққа қызмет көрсету орталығының маманына  арналған  аймақтар жасақталған. Стендтерде сот отырыстарының кестесі, залда мемлекеттік бажды төлеуге арналған терминал және сот отырысының хатшысымен байланысу үшін телефон орналасқан.

Белгілі бір жаңалық тараптарды іс материалдарымен таныстыру аймағы болып табылады. Соттың кезекші қызметкері тараптарға сотта олардың істерінің жүруі туралы ақпарат береді, мұнда өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған сенсорлық монитор да орнатылған.

Күту залына жайлы креслолар қойылған, WI-FI, мобильді құрылғыларды қуаттандыру мүмкіндігі ұсынылған.

Кіріс кеңсесі аймағында сотқа келуші қажетті құжаттарды сотқа бере алады.

Фронт-офис сотқа келушілерге ыңғайлы болу үшін барынша жайлы жағдай жасау бойынша барлық талаптарға сай келеді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі