Солтүстік Қазақстан облыстық сотында үздік татуластырушыны анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Үздік татуластырушы» конкурсы медиаторлардың арасында медиацияны насихаттау, жанжалдардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында жүргізілді.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов татуластыру рәсімдерінің институтын насихаттаудың маңыздылығын тілге тиек ете отырып, облыс соттарының, Кәсіподақ орталықтарының, Медиацияны дамыту орталығының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы филиалының бірлескен жұмысының тиімділігін атап көрсетті, соның арқасында аймақ тұрғындарына татуластыру рәсімдерін қолдану артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, медиация кабинеттері қызмет көрсетіп келеді.

Конкурсқа қатысушылар татуластыру өнеріндегі қабілеттерін көрсетті, нәтижесінде ең мықтылары, сонымен бірге аймақтағы медиацияны дамытуға қосқан үлесі зор деп танылған медиаторлар сыйлықтармен мараптталды.

Татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша судьялардың біліктілігін арттыруда көмек көрсеткені үшін Қазақстан медиаторлары Ассоциациясының Бас директоры Жанділда Жақыповқа алғыс хат табысталды. Сонымен қатар алғыс хаттармен «Содружество» Солтүстік Қазақстан медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және медиаторы Галина Пехотина және Амангелді Тұралинов, Медиацияны дамыту орталығының директоры және медиаторы Әлия Рамазанова және Мәдина Қалықова марапатталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан халықтарының Ассамблеясы филиалының медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбахша Мұсабаева үздік татуластырушы болып танылды. 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі