Алматы облысының сот корпусы Президенттің жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы облыс судьялары 2017 жылғы 31 қаңтардағы Республика Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

Кеңес барысында сот төрағасы Мейрамбек Таймерденов, Мемлекет басшысы жолдауының басты міндеті еліміздің Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік екенін атап өтті. «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір». Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі және бес негізгі басымдықтардан тұрады.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық; төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту; бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Жолдауды талқылау кезінде Алматы облыстық сотының судьясы Нұргүл Жекенова мемлекетпен жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс. Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізу керек. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту қажет. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды», - деп Н.Жекенова дәйексөз айтты.

Сондай-ақ, облыстық соттың судьясы Н.Аймханова мен әкімшілік соттың төрағасы Н.Қарабаев баяндамаларын оқыды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы Қазақстанның болашақтағы дамуы үшін маңызды рөл атқарады, сол себепті аталған жолдауды басшылыққа алып, «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 Стратегиясын жүзеге асыруда мемлекетіміз үлкен жетістіктерге жетеді.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі