Бейнедәріс барысында Алматы облыстық сотының судьясы оқыту семинарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында бейнебайланыс арқылы жол жүру ережелерін және көлік құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтарға байланысты қылмыстық және сот тәжірибесінде істерді қарау кезінде халықаралық шарттар нормаларын қолдану мәселелері жөнінде оқыту семинары өтті.

Іс-шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Бейнедәріс барысында облыстық соттың судьясы Л.Березовская осы санаттағы істерді қарау кезіндегі өзекті мәселелерді түсіндірді. Атап айтқанда, халықаралық құқықтық көмек туралы құжаттарды ресімдеуде және орындалуында жіберілетін қателерге тоқталып кетті. Құжаттардың тапсырмаларды орындау кезінде тиісінше ресімделмеуі, ТМД қатысушы елдер аумағында тану және мәжбүрлеп орындауға жатпайтын құжаттарды бағыттау.

Сонымен қатар, судьялардың назары жол-көлік оқиғасының жағдайларын толық және жан-жақты зерттелуін қамтамасыз етуге аударылды. Зерттеу мән-жайларды анықтауды талап ететін арнайы білімдерді пайдалану, автотехникалық сараптама мүмкіндігін пайдалану, «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің талаптарының сақталуын атап өтті.

Тыңдаушылар онлайн-режимде тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға  жауап алды.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі