Алматы облыстық сот жас судьяларға арналған семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы С.Сәкенов, облыстық соттың судьясы А.Стыбаев істерді қарау кезіндегі кәсіби техниканы меңгеру және 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар судьялар үшін сот процестерін жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізді.

С.Сәкенов судьялар тарапынан жіберілетін қателіктерге назар аударды, жиі кездесетін кемшіліктерді мысалға келтірді. Алқа төрағасы жас судьяларды тұрақты түрде өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше оқып үйренуге, заңнамадағы өзгертулерді зерделеуге шақырды.

Семинарға қатысушылар сот отырыстарының бейнежазбаларын көріп, оларды дұрыс жүргізу мәселесін талқылады.

Кездесу барысында облыстық соттың судьялары жас судьялармен өздерінің білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.    

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі