Алматы облысында сот практикасында бітімгершілік рәсімдерін тиімді пайдалану бойынша семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық соты Халықаралық құқық қорғау орталығымен  бірлесе отырып, Қарасай аудандық сотында сот практикасында бітімгершілік рәсімдерін тиімді пайдалану бойынша семинар-тренингі өткізді.

Семинар жұмысына Алматы облысы бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттардың медиация бойынша үйлестіруші-судьялары қатысты.

Іс-шараның модераторы облыстық соттың судьясы Нұргүл Жекенова  және жаттықтырушы-медиатор Жанділдә Жақыпов болды.

Семинарға қатысушылар заң үстемдігі қағидатын іске асырудағы басымды бағыттарының бірі болып табылатын бітімгерлшілік рәсімдерді дамытудың маңыздылығын талқылады.

Судья Н.Жекенова медиация рәсімі өзара қолайлы шешімге қолжеткізу мақсатында медиатордың ықпалдасуымен тараптар арасындағы дауды реттеуде өте маңызды құрал болып табылатындығын атап өтті.    

Ж.Жақыпов «Медиатордың коммуникативтік дағдылары», «Медиатордың құралдары. Вербальды емес коммуникация, ымдау тілі» сынды тақырыптарды ашты.

Шара соңында Нұргүл Жекенова сот медиациясын қолдана отырып қаралған істер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ халық арасында осы рәсімнің пайдасын түсіндіру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі