Алматы облысының соттары: бейнебайланыс арқылы қылмыстық істерді қарау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қапшағай қалалық соты қауіпсіздігі барынша төмен колонияға ауыстыру туралы азамат Р.-ның өтінішін қарады.

Р. 2009 жылғы 30 маусымда Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуға сотталған.

Сот отырысы Р. жазасын өтеп жатқан қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің бірінмен бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Сот іс материалдарын қарап, процеске қатысушыларға сұрақтар қойып, сотталғанның өтінішін қанағаттандырды.

Инновациялық технологияларды кеңінен қолдану – сот ісін жүргізуді жетілдірудегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Сот талқылауын бейнебайланыс арқылы жүргізу – көшпелі сот отырысын өткізбей-ақ,  сот процестерін жүргізудегі аз шығынды жаңа үрдіс.

Қапшағай қалалық соты бейнебайланыс арқылы ҚАЖ мекемелерімен байланысып,  2016 жылдан бастап қылмыстық істерді қарап келеді.

Алматы облыстық соттарында халыққа қызмет көрсету  барысында IT-технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Осы шаралардың барлығы азаматтармен өзара іс-қимылды  неғұрлым ашық етіп,  сот төрелігін тиімді жүзеге асыру мақсатын көздейді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі