«Әр қайсымыз мінсіз моральдық сипатымыз, сенім мен беделіміздің судья атағына лайықты болуға ұмтылуымыз керек» - Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты өңір судьяларының қатысуымен, 2016 жылы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Д.Әміров кеңесті аша отырып, облыс соттарының қызметі сот төрелігін сапалы атқаруды қамтамасыз етуге, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында қойылған міндеттерді орындауға  бағытталғандығын атап өтті.     

Кеңес барысында алқа төрағалары М.Комиршинов пен Қ.Чакпантаевтың баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, жиын барысында облыс соттарының судьяларының іс –әрекетіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдануы бойынша жұмыс тобының атқарған жұмсытарының нәтижесі жөнінде облыстық сот судьясы Б.Шарнаева, судья этикасы бойынша комиссиясының жұмысы жайында комииссия төрағасы, облыстық сот судьясы Н.Елемесов, және де  аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Е.Абдықадыров өз сөзінде, Республика бойынша сатистикалық мәлімттер келтіріп, азаматтардың сенімін аттыратын, сот төрелігін атқарудың сапасын арттыру қажеттігін айтып көрсетті. Сақтандыру бойынша дауларды практикада қарау мәселесіне  арнайы тоқтала келе, заңнама актілеріне қайшы келетін жағдайларды жоюға қабылданған шараларды атап өтті. Оған қоса, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың практикадағы негізгі  нәтижелері туралы, республика судьяларының VII съезінде Мемлекет Басшысының қойған міндеттерін орындау жұмыстары жөнінде айтты. Заң үстемдігін қамтамасыз етудің ең бастысы сот істерін сапалы қарау болып табылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жұмыстарды жетілдіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігі туралы, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шаралар жөнінде атап өтті.

Е.Абдықадыров сөз соңында, ШҚО сот корпусына сот төрелігін сапалы атқаруды және еңбекте табыс, зор денсаулық тіледі.

«Басты мақсат – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру. Сондықтан ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы мен Жоғарғы Сот Төрағасының алға қойған барлық міндеттері, сот төрелігін сапалы атқару және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында сот корпусымен орындалатын болады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілі сот болып табылады. Әр қайсымыз мінсіз моральдық сипатымыз, сенім мен беделіміздің судья атағына лайықты болуға ұмтылуымыз керек», - деді Досжан Әміров.

Шараның соңында 2016 жылды қорытындысы бойынша соттар мен судьяларды марапаттаудың салтанатты  рәсімі өтті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі