Жоғарғы Сот «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) заңсыз деп тану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) заңсыз деп тану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шарада Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы іс-шараны аша отырып, сөз сөйледі.

Өз сөзінде Е.Әбдіқадыров 2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында негізгі тапсырмалардың бірі салық-бюджеттік саясаты жаңа экономикалық дамуға жеткізу болып анықталады. Шикізат секторындағы салық базасының кеңеюіне және кәсіпкерлікті «көлеңкелі бизнестен» шығаруға және салық саясатын бағыттау, салық кодексін толық және түсінікті ету қажет. Салық әкімшілігі механизмдерін жақсарту қажеттігі аталды, ол ең алдымен қосымша бағадан салық өндіруге қатысты.

Жоғарғы Сот салық органдарының хабарламаларын даулауда заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін заңсыз деп тану туралы талап арыздар бойынша азаматтық істерді қарауда сот тәжірибесі бойынша қорыту өткізді, онда Жоғарғы Соттың Салық және Азаматтық кодекстерін қолдану бойынша пікірі білдірілген.

Ағымдағы жылы Жоғарғы Соттың «Салық заңнамасын қолданудың сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған.

Құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын қиындық тудыратын, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында түсіндіруді талап ететін сұрақтарды анықтау «дөңгелек үстелдің» мақсаты болып табылды, сонымен қатар біршама заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысының соңында тиісті ұсыныстар енгізілді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі