Ақтөбе облыстық сотында Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша судьялардың жұмыс кеңесі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында судьялардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша судьялардың жұмыс кеңесі өтті.  

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай  Елбасының  Жолдауын судьяларға түсіндіру барысында Елбасының заң үстемдігі мен заң алдындаңы баршаның теңдігін қамтамасыз етуге, жеке меншікті қорғауға бағытталған реформаларды жалғастыру қажеттігі айтылғанын атап өтіп, Жолдаудың  бесінші басымдығына назар аударды. Сонымен қатар, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға қол жеткізу қажеттілігі және судьяларының қызметіне кез келген заңсыз ықпалдың алдын алудың маңызды екендігін айтты.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің сот жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Үш буынды сот жүйесі, жаңа Азаматтық процестік кодекс, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инвистициялық даулар бойынша мамандандырылған алқасының құрылуы, судьяларды даярлау мен іріктеу бойынша талаптарды күшейту бағытында реформалар іске асты. Сот жүйесі қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мүмкіндігін тудыратын жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. 

«Бүгінде сот жүйесі қарқынды даму нәтижелерін көрсетіп, заманауи жаңашылдықтарды уақытылы енгізе отырып, сот төрелігін әлемдік стандарттарға сай, сапалы әрі заңды жүзеге асыруда. Бұл көрсеткіштердің барлығы Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруінің бірден-бір кепілі болып табылады» - деді М.Әкетай.

Ақтөбе облысының судьялары Елбасының  халыққа Жолдауын толықтай қолдай отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және заң үстемділігін қамтамасыз етуді одан әрі жүзеге асыруға кірісіп кетті.  

Источник: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі