Сенат депутаттары Б.Бекназаров пен М.Күбенов Павлодар облыстық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың облыс судьяларымен кездесуі өтті.

Аталған кездесуде Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды.

Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты М.Күбенов, отставкадағы құрметті судья Е.Темірова, облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов, облыстық мәслихаттың хатшысы В.Берковский, облыстық соттың судьялары мен алқа төрағалары, сондай-ақ облыс соттарының төрағалары мен судьялары қатысты.

Кездесу барысында Бектас Әбдіханұлы Жолдаудың мақсаты еліміздің әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосуды мақсаты тұтатынын түсіндірді. Осы мақсатқа жету үшін Жолдауда бес басымдық белгіленген: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов сот үстемдігін қамтамасыз ету бөлімінде Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Жаңа Судьялық әдеп кодексі қабылданып, сот қызметіне ақпараттық технологиялар енгізілді, Азаматтық процестік, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Сенат депутаттары М.Көбенов өзінің сөз сөйлеулерінде отырысқа қатысушылардың назарын Елбасының Жолдауы – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бойынша барлық мемлекеттік органдардың жұмысын әрі қарай жалғастыруға бағытталған тарихи құжат екенін және әрбір азамат алға қойған мақсатқа жету үшін қолынан келгеннің бәрін істеуге ұмтылуы тиіс екеніне аударған болатын.

Іс-шара соңында облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов Парламент Сенаты депутаттарының жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді және сот корпусы белгіленген міндеттерді практикалық тұрғыдан іске асыру үшін барлық күш-жігерін салатынын атап өтті, қазақстандық сот жүйесі елдің жаңғыртуына өзінің баға жетпес үлесін қосатынына сенім білдірді.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі