Павлодар облыстық сотында 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңесі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев қатысты.

Кеңейтілген кеңес жұмысын аша отырып, облыстық сот төрағасы М.Смағұлов еліміздің сот жүйесінде сот төрелігіне қолжетімдікті қамтамасыз ету және тұрғындардың соттарға деген сенімін арттыру мақсатында елеулі өзгерістер орын алғанын атап өтті: сот жүйесі оңтайланды, барлық өңірлердегі сот залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары барынша күшейтілді, жаңа Судьялық әдеп кодексі қабылданды.

Жиында соттар алқасының төрағалары Е.Жанғазин мен А.Күзеков 2016 жылы Павлодар облысы соттарының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау қорытындыларымен, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыруының сандық және сапалық көрсеткіштерімен таныстырды.  

Айтылған ақпарат бойынша 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Павлодар облысы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жақсарған.

Облыстың Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы А.Нұркиевтің баяндамасы тыңдалды.

Іс-шара соңында Ә.Құрықбаев облыстың судьялар корпусы алдында азаматтардың сенімін арттыру және сот төрелігін сапалы жүзеге асыру жұмысын нығайту бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Іс-шара шеңберінде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Ивановаға дауды (жанжалды) реттеудің тиімді тәсілін дамытуға қосқан үлесі үшін, Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы К.Елемесовке сот жүйесінде көп жылғы мінсіз еңбегі мен сот төрелігін жүзеге асыруда табыстары үшін Құрмет грамотасы табысталды.

Көп балалы судьяларға қызметтік пәтерлердің кілттері табыс етілді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі