Билер кеңесінің мүшелеріне арналған семинар-тренинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында билер "Медиация – ата-баба жолы” атты семинар-тренингке қатысты.

Семинар-тренингті облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Мұратғали Әкетай, Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры, кәсіби медиатор Жанділда Жақыпов және қалалық және аудандық соттардың судьялары жүргізді.

Іс-шараны аша отырып, М.Әкетай билерді медиативтік дағдыларға үйрету қажеттігіне назар аударды, сондай-ақ қарттардың өмірлік тәжірибесі мен олардың қоғамдағы беделі қазақ билерінің үздік дәстүрлерінде соттан тыс қақтығыстарды шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ж.Жақыпов билерге медиация рәсімін жүргізу қағидалары мен әдістемесін, дауларды шешудегі медиатордың рөлін түсіндірді. Өткен ғасырлардағы билер мен ақсақалдардың дауларды шешу жолдары мен билер институтының құрылу тарихы туралы айтып берді.

Тренингте қатысушылар қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен отбасылық, еңбек, азаматтық, ұлтаралық және коллегия аралық даулар талқылады. Тренингтің практикалық бөлімі қатысушылардың қызығушылығын тудырды, онда олар сот қызметінің заманауи әдістері мен тактикасын, тараптарды татуласуға келтіру әдістерін қолдана отырып, дауларды шешудің мысалдарын егжей-тегжейлі зерделеді. Кейстік және ахуалдық есептерді шешуге белсенді қатысты. Татуласудың қалай жүргізілетіні, қандай сұрақтар қою керектігі, қандай жеңілдіктер беруге болатынын, тараптардың құқықтарына қысым жасауға жол бермей, қалай дұрыс сөйлесу керектігі туралы алынған білімдер дауласушы тараптарды татуластыру бойынша одан арғы жұмыстар кезінде керек болатыны сөзсіз.

Семинар соңында қатысушыларға тренингтен өткені туралы сертификаттар берілді.

Билер кеңесі өңірдің барлық аудандық соттарына енгізілді, барлығы 13 ауданда және қалаларда, олардың құрамына облыстың құрметті азаматтары, ақсақалдар, Ардагерлер кеңесінің мүшелері кірді. Павлодарда Билер кеңесі жұмыс істейді, оның құрамында 155 адам бар.

Билер кеңесінің ережесі бекітілді, Билер кеңесінің мүшелеріне куәліктер және төсбелгілері берілді.

Билер кеңесінің қатысуымен өңір соттарында барлығы 912 азаматтық, 16 қылмыстық, 620 әкімшілік іс қаралды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі