Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов – «Жолдаудың негізі – қазіргі жаһандық қатерлермен күресу жоспары емес, болашаққа апарар берік көпірі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында Елбасы ұсынған «Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі» Үндеуі талқыланып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы таныстырылды. .

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары,  Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М.Епенова, сот қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен байланысты үйлестіруші судья А.Молбаева мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің құқықтық кеңістігін ауқымды өзгерістер күтіп тұрғандығын айтып, одан сот жүйесі де тысқары қала алмайтындығын тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған судья Х.Қаженова  Жолдау - жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтындығын, Қазақстанда үшінші жаңғыруды бастау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол Елбасы Жолдауда айтылғандай, «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңыздылығына» тоқталып, сот төрелігін жүзеге асыруда судья деген құрметті атқа лайықты болу кез келген судьяның міндеті екендігін айтты.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі