Архив событий

19/11/2014

«Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық Заңының талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

19/11/2014

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етпеген ауданның 6 лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот Бұланды ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында мемлекеттік мекеме ғимараттарында мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын қолданудағы бұзушылықтарды анықтаған.

Петропавлда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодесіндегі жаңашылықтарды талқылады

19/11/2014

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қарсы келген қозғалысқа арналған жолдың өтпе бөлігіне шығу және ол үшін жауапкершілік» тақырыбында құқық қорғау, прокуратура органдары және Петропавл қаласының басқа да құрылымдарының, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.  

Дөңгелек үстелдің мақсаты жүргізушілердің қарсы келген қозғалысқа арналған жолға шығу қатысты проблемалық мәселелерді талқылау болып табылады.