Архив событий

12/11/2014

Жергілікті соттардың қаржы-шаруашылық жұмыстарының қортындысы шығарылды

12/11/2014

Ішкі бақылау бөлімінің 2014 жылға арналған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  облыстық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің қаржы-шаруашылық қызметтеріне 4 кешенді және 2 тақырыптық тексеру жүргізілді.

Аталған бақылау іс-шаралар барысында бюджеттен бөлінген жалпы  қаржының  19 млрд.  251  млн. 394 мың  тенгесі, немесе  32,5 % бақылаумен қамтылған. 

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшесі Маңғыстау облысынан судьялыққа үміткерлермен кездесті

12/11/2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшесі, Қарағанды облыстық сотының судьясы Әбдіәшім Салин Маңғыстау облыстық сотында болып, судьялыққа және судьялық басшылық  лауазымдарға үміткерлермен кездесті.

Қызылорда облысының соттарымен бір күнде медиация тәртібімен 4 іс қысқартылды

12/11/2014

Қызылорда облысының соттары медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. 

Арал аудандық сотында18 медиатор жұмыс істейді. Кәсіби емес медиаторлардың ресми тізбесі жасалып, аудандық әкімдік пен облыстық соттың ресми сайттарына орналастырылды.

Медиатордың көмегімен сот даулары  бойынша шешімін тапқан істердің саны көбейіп, оң нәтижесін көрсетуде. Айталық, Арал аудандық сотында бір күннің ішінде 3 азаматтық іс, 1 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Мемлекет мүддесіндегі сот актілерін орындау мәселелері

12/11/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Төле би аудандық сотының ұйымдастыруымен «Мемлекет мүддесіндегі сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Төле би ауданының әкімі, прокурор, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы мен оның орынбасары, ауыл округтерінің әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, сот актілерін орындау жөніндегі аудандық бөлімінің басшысы, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық соттың алқа төрағасы Тасқала ауданында медиацияны насихаттады

12/11/2014

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы  М.Нағашыбаев жұмыс сапарымен Тасқала ауданында болып, аудандық сот қызметкерлерімен және мемлекеттік органдар өкілдерімен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуы» тақырыбында кездесу өткізді.