Архив событий

24/11/2014

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шағын-футбол жарысы

24/11/2014

Орал қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің олимпиада резерві спорт мектебінің спорттық кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының Кубогы үшін облыстың судьялары мен сот қызметкерлері арасында  шағын-футболдан жарыс өтті.

Мерекелік шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов Тұңғыш Президент күнінің барлық Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы Б.Әметов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкерлерінің қайырымдылығы

24/11/2014

2014 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен Сайрамдағы №4 балалар үйін облыс соттары қауымдастығы тарапынан тұрақты қамқорлыққа алу жөніндегі ұсынысыҚазақстан Судьялар одағының облыстық филиалы тарапынан қолдау тауып, арнайы іс-шаралар жоспары жасалған болатын. 

Осы жоспарға сәйкес облыстық соттың және Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудандық соттарының судьялары тарапынан ай сайын Сайрамдағы №4 балалар үйінде тәрбиелініп жатқан балаларға қайырымдылық көмегін көрсетеді.