Архив событий

21/11/2014

Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсы «Қазконтент» АҚ-ның 2014 жылғы рейтингісінің қорытындысы бойынша бірінші орын алды

21/11/2014

Бүгін жалпы отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығын «Қазконтент» АҚ құратын рейтингке сәйкес 2014 жылдың қорытындысы бойынша Жоғарғы Соттың бірінші орын алуымен құттықтады.

«Bnews.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құрықбаевтың қатысуымен онлайн-конференция өтті

21/11/2014

Бүгін «Bnews.kz» ақпараттық порталында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ә.Құрықбаевтың қатысуымен қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша онлайн-конференция болып өтті.

Онлайн-конференция Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 278 өкімімен бекітілген Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа моделіне көшудің бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

ШҚО судьялары Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылады

21/11/2014

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Дәулиевтің «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын онлайн режимінде талқыланды. Іс-шараға  сот төрағалары, сондай-ақоблыс, ауданаралық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағы филиалының төрағасы Е.Өтешев Елбасы Жолдауының сот жүйесіндегі рөлін атап өтті.

Қарағанды облыстық сотында азаматтық істер бойынша сот шешімін құрастырудың әдістемесі талқыланды

21/11/2014

Қарағанды облыстық сотында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының, «ABA CEELI»Америка заңгерлер қауымдастығыөкілдігімен ынтымақтастық шеңберінде жас судьяларға арналған «Азаматтық істер бойынша сот шешімдер құрастырудың әдістемесі» тақырыбында бірлескен ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.