Архив событий

07/11/2014

Ақтау қаласының ішкі істер басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты үкім жарияланды

07/11/2014

Бүгін, Ақтау қалалық соты қалалық ішкі істер бөлімінің ғимаратында барлық жеке құрамның қатысуымен көшпелі сот отырысын өткізіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабы 4 бөлігі «а» тармағымен (қорқытып алу жолымен пара алу) У.-ға қатысты сот үкімін жариялады.

Сот жүйесі ардагерінің мерейтойы

07/11/2014

Шал ақын ауданының сотында сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья Владимир Николаевич Кумаченконың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерейтой иесін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы атынан облыс судьялары ауданға барып, құттықтады.

В.Н.Кумаченконың қызметтік және ұйымдастырушылық қабілеттері әрқилы тапсырмаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ сот төрелігін сапалы түрде іске асыруда көптеген жетістіктерге жеткізді. Әріптестері оған мықты денсаулық және тамаша көңіл-күй тіледі.

ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Сот кеңесінің мүшесі судьялық жоғары лауазымдарға үміткерлермен кездесті

07/11/2014

Батыс Қазақстан облыстық сотында  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Қазақстан адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Құрманбайұлы Түгел Батыс Қазақстан облыстық сотында болды. Ол судьялыққа және басшылық судьялық лауазымдарға үміткерлермен кездесті.