Архив событий

31/10/2014

Астанада ювеналдық әділет және сот төрелігі мәселелері бойынша семинар өтті

31/10/2014

Бүгін «Қазақстан Республикасында сот төрелігін балаларға достық ілтипатпен дамыту» тақырыбында өткенхалықаралық конференция шеңберіндеювеналдық әділет және сот төрелігі мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жәнеБҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

Семинарға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық процесстік кодекстерінің жаңашылықтары талқыланды.

31/10/2014

Ағымдағы жылғы 31 қазанда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәжіліс залында «Қылмыстық және қылмыстық процесстік  заңнамалардың новеллалары» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

БҚО сотында әкімшілік құқықтық тақырыпта семинар өтті

31/10/2014

Бүгін Батыс Қазақстан облысының сотында облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьяларының қатысуымен әкімшілік-құқықтық тақырыпта семинар өтті.

Семинар жұмысын алғы сөзбен облыстық азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Х.Х.Аманқұлов ашты.

 «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында Зеленов аудандық сотының судьясы  А.Бекталиева баяндама жасады.

Бүгін Жоғарғы Сотта бейнедәріс өтті

31/10/2014

Бүгін Жоғарғы Сот бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттармен «Жеке айыптау істері бойынша қылмыстар» тақырыбында бейнедәрісін өткізді. 

Ұйымдастырылған бейнедәріс Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстерінің және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің новеллаларын зерттеуге арналған дәрістер циклында төртінші болып табылады.

Бүгін «Қазақстан Республикасында балаларға арналған мейірімді әділ соттың дамуы» тақырыбында халықаралық конференция өтті

31/10/2014

Бүгін Астана қаласындағы «Marriott» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасында балаларға арналған мейірімді әділ соттың дамуы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Бұл шара БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын Қазақстанның ратификациялауының 20 жылдығына орай өткізілді.

Іс-шараны  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты,  Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Өкілдігі ұйымдастырды.