Бүгін Жоғарғы Сотта бейнедәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сот бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттармен «Жеке айыптау істері бойынша қылмыстар» тақырыбында бейнедәрісін өткізді. 

Ұйымдастырылған бейнедәріс Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстерінің және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің новеллаларын зерттеуге арналған дәрістер циклында төртінші болып табылады.

Бейнедәріс барысында Жоғарғы Соттың судьясы Л.А.Ағыбаева 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қылмыстық-процестік кодекстің новеллаларын, жеке айыптау істерін басқа санаттағы істермен салыстырғанда оны қарау ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен бірге дәрісшеңберінде жеке айыптау істерін қараған кезде туындайтын сот практикасының мәселелері талқыланды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі