Архив событий

28/10/2014

Постер жасағандар

28/10/2014

Бүгін  Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық соты Құрманғазы атындағы консерваторияның  талап арызы бойынша Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған кейпін бейнелеген постерді жасаған тұлғаларға қатысты азаматтық  істі қарады.

Іс материалдарын зерделей келе, сот аталған постерді жасаған «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігінен Құрманғазы атындағы консерваторияның пайдасына  34 млн. теңге өндіруге шешім қабылдады.

Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті талқылады

28/10/2014

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотында «Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы шараға прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сот орындаушылары, салық және әділет басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Туристік фирма талапкерге қарызды қайтаруға міндеттенді

28/10/2014

Кеше Ақтөбе қалалық соты талапкер С. Ізтілеуовтың жауапкер  «Усенко О.А.» жеке кәсіпкерден қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында  жауапкердің  2014 жылдың 18 маусымынан 25  маусымына дейін Түркияға демалуға туристік жолдама бергені анықталды. Бұл үшін талапкер алдын ала 313 000 теңге төлеген. Алайда келісілген уақытта талапкерге белгісіз себептермен ұшып кете алмаған. Осыған орай  ол сотқа жүгінуге мәжбүр болған.