Архив событий

17/10/2014

Ақмола облысының судьялары жаңа қылмыстық заңнама нормаларын талқылады

17/10/2014

Бүгін Ақмола облыстық соты «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процесстік және қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын қолдану» тақырыбына екі секциялы семинар өткізді.

Семинар жұмысына облыс соттарының қылмыстық істерді қараушы судьялары, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, облыстық прокуратура, ІІД, қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотында жаңа қылмыстық заңнама нормалары талқыланды

17/10/2014

Батыс Қазақстан облыстық сотында бүгін  «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық процесстік және қылмыстық атқару заңнмасының ережелерін қолдану» тақырыбында конференция өтті.

Конференция жұмысына облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының БҚО ІІД, прокуратура жүйесінің өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2014 жылдың 9 айының жұмыстары қорытындыланды

17/10/2014

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық соты кеңейтілген жиналыста 2014 жылдың 9 айында атқарған жұмысын қорытындылады. 

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген  соттардың төрағалары қатысты.

Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысының соттары  40 117 азаматтық істі қарады. Бұл  өткен жылға қарағанда 15,1 %-ға көп. Шешім  қабылданған істердің саны мен көлемі 11,0 %-ға артқан.

Павлодар облыстық соты жаңа әкімшілік заңнамадағы нормаларды талқылады

17/10/2014

Павлодар облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодекстің негізгі новеллалары» тақырыпында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық, ауданаралық мамандандырылған соттардың судьялары, облыстық прокуратура, көші-қон полициясы, салық департаменті, және ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы бастығының орынбасары Ж.Ахметовті өлтірген сотталушыларға қатысты үкім шықты

17/10/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары Жандос Ахметовті өлтірген сотталушыларға қатысты үкім шықты.

Жандос Ахметовті былтырғы жылғы 24 желтоқсанда өз үйінің кіреберісінде атып өлтірген. Ол сол кезде облыстық департамент бастығының міндетін атқарып жүрген. 12 жасар ұлы осы қылмыстың куәгері болған.

Ақмола облысының судьялары жаңа қылмыстық заңнама нормаларын талқылады

17/10/2014

Бүгін Ақмола облыстық соты «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процесстік және қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын қолдану» тақырыбына екі секциялы семинар өткізді.

Семинар жұмысына облыссоттарының қылмыстық істерді қараушы судьялары, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, облыстық прокуратура, ІІД, қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Қайрат Мәми Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековті ұжымға таныстырды

17/10/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Мемлекет басшысының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен тағайындалған Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековті ұжымға таныстырды.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Дулатбеков, облыстық   соттың судьялары мен кеңсе қызметкерлері, аудандық соттардың төрағалары, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.