Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2014 жылдың 9 айының жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық соты кеңейтілген жиналыста 2014 жылдың 9 айында атқарған жұмысын қорытындылады. 

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген  соттардың төрағалары қатысты.

Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысының соттары  40 117 азаматтық істі қарады. Бұл  өткен жылға қарағанда 15,1 %-ға көп. Шешім  қабылданған істердің саны мен көлемі 11,0 %-ға артқан.

Жалпы аппеляциялық тәртіппен тоқтатылған және өзгертілген шешімдердің жалпы саны  2014 жылдың 9 айы мен 2013 жылдың 9 айын салыстырғанда 15,8%-ға азайған.

Қылмыстық істер бойынша 3053 қылмыстық іс қаралған. Үкім шығарылып қаралған істер 2013 жылдың өткен кезеңімен қарағанда 19,7 %-ға аз қаралған.  34 733 әкімшілік іс қаралған. Бұл өткен жылға қарағанда 4,9%-ға көп.

Статистикалық деректерге сәйкес осы жылдың  үшінші тоқсанында медиаторлардың қатысуымен  507 азаматтық іс қаралған, сот медиациясы бойынша 381 азаматтық іске келісім бекітілген.

ӘҚБтК-нің 513-бабына сәйкес іс бойынша тараптар сот процестеріне келмеген жағдайда сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы бағытта сот отырысына келмеген адамдарды жауапкершілікке тарту практикасы қатаңдай түсті (345 адам тартылды).

Сот істерін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану мен енгізу жұмыстары жалғасуда. «Сот кабинеті» сервисі енгізілген сәттен бастап аудандық соттарда 3008 электронды құжат қабылданды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы А.Ж. Рахметулин  4 тоқсанның нақты тапсырмаларын атай отырып, барлық бағыттар бойынша  жоспарланған нақты іс-шараларды өз деңгейінде орындап, істерді қарастыруда оң нәтижеге жету үшін жұмыс сапасын барынша  арттыру қажеттігін айтып, жиынды қорытындылады.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі