Архив событий

24/10/2014

Ақтөбеде атқарушылық іс жүргізу мәселелері талқыланды

24/10/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында оқу орталығының ұйымдастыруымен «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері. Проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған қалалық  және  мамандандырылған соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың судьялары, Ақтөбе қаласы прокуратурасының, Ақтөбе облысы Сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлері,  жеке сот орындаушылары, банк пен БАҚ өкілдері қатысты.

Елорда сотында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды

24/10/2014

2014 жылы  24 қазанда Астана қаласының сотында  «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану кезінде практикада туындайтын  өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Осы шараға  Астана қаласы  соттарының судьялары, ҚР Қаржымині Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің,  Кәсіпкерлер палатасының, прокуратура мен министрліктердің, әкімдіктер мен басқа да құзыретті органдардың қызметкерлері, сондай-ақ адвокаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сотта судьяларды қашықтан оқыту жүргізілуде

24/10/2014

Бүгін Жоғарғы Сотта бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттармен «Қысқартылған және келісу тәртібімен істерді қарау» тақырыбында бейнедәріс өтті.

Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сот судьяларды жаппай қайта оқытуды жалғастыруда.