Архив событий

14/10/2014

Жамбыл облысының судьялары журналистермен жұмыс қорытындысымен бөлісті

14/10/2014

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық соттардың сот төрелігін жүзеге асырудың 2014 жылғы тоғыз айындағы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Ақтөбеде қарақшылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты үкім жарияланды

14/10/2014

Бүгін Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 179 бабы 3 бөлімі «а, г, д» тармақатары бойынша В.В.Бедекер мен Г.В.Артемовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Пара алу ісі бойынша сот үкімі шықты

14/10/2014

2014 жылғы 14 қазанда Орал қалалық сотында пара алды деп айыпталған Батыс Қазақстан облысының №2 Зеленов аудандық сотының бұрынғы төрағасы Б.Сатыбалдиевке қатысты қылмыстық істің үкімі жарияланды.

Сот Сатыбалдиевті ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Ғинаят құрылыс» ЖШС директорынан әкімшілік іс бойынша айыппұл төлеуден босатуы себепті 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды.

Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот актілері мен хаттамалар анықталды

14/10/2014

Қызылорда облыстық сотында Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясында 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік тілде қабылданған сот актілерінің сапасын тексеру мақсатында судьялар арасында «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот актісі» және сот отырысы хатшылары арасында «Мемлекеттік тілде әзірленген үздік сот хаттамасы» байқауы өтті.

Мемлекеттік тілде сауатты және заң терминологиясы нормаларын сақтай отырып жазылған үздік сот актілерін және сот отырысының хаттамалары байқау комиссиясының мүшелері анықтады.