Архив событий

13/10/2014

Мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жарамсыз деп танылды

13/10/2014

Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы сотқа Шортанды аудандық құрылыс бөліміне және «Евростандарт-Аква» ЖШС-на мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талабымен жүгінген. Талап-арызға сәйкес Шортанды ауданының Бозайғыр ауылының су жүретін желісін жөндеу және ауылға су торабын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру барысында заңнама бұзушылықтары анықталған.

Өмірияевтің ісі бойынша соңғы үкімді жариялау күні белгіленді

13/10/2014

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының бұрынғы ауыл шарушылық вице-министрі М.Өмірияевтің қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Бұдан бұрын  айтылғандай, бұрынғы вице-министр 2013 жылғы 21 желтоқсанда  қаржы полициясының қызметкерлерімен  кәсіпкерден 100 мың доллар көлемінде пара алғандығы бойынша ұсталған болатын.