Архив событий

16/10/2014

Семей қалалық сотында мемлекеттік баж төлеу терминалы орнатылды

16/10/2014

Сотқа келушілер үшін тиісті жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының негізгі мақсаты болып табылады.

Қалалық соттың ғимаратында  «Ресей Жинақ банкі» АҚ еншілес банкімен бірлесіп, мемлекеттік бажды және басқа да төлемдерді төлеу терминалы орнатылды.

Тұрақты түрде консультативті көмек көрсету үшін терминалға арнайы банк маманы бекітілген. Енді мемлекеттік бажды сот ғимаратынан шықпай-ақ төлеуге болады.

Тергеу судьясы институтын енгізу – уақыт талабы

16/10/2014

Бүгін Қостанай қаласы № 2 сотында ҚР жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі тергеу судьясы институтының егізу алгоритмы талқылады.

Іс-шараға қалалық соттардың төрағалары, судьялары және Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Л.А.Шепелева, сондай-ақ облыстық адвокаттар алқасының және прокуратура органының өкілдері қатысты.

Қостанай қаласы №2 сотының судьясы М.М.Саламатова жаңа процессуалдық тұлға – тергеу судьясы туралы айтты.

Құрманғазы мен Пушкинге арналған постердің авторларына қатысты шешім өзгеріссіз қалдырылды

16/10/2014

Бүгін  Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы композитор С.Құрманғазы мен ақын А.Пушкиннің сүйісіп тұрған кейпін бейнелеген постерді жасаған тұлғаларға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарын зерделей келе, сот аталған постерді жасаған «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігі әрекетінде Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған жарнаманы шығарып, таратып, орналастыруға  байланысты құқықбұзушылық құрамы бар екендігін анықтады.

Қарақшылар жазаға тартылды

16/10/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 1 маусымда Сарыағаш қаласында орын алған адам өлтіру фактісіне қатысты ісіне қатысты үкім шықты.

М.Өміряевқа қатысты үкім жарияланды

16/10/2014

Бүгін елордалық сотта 100 мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы ауылшаруашылық вице-министрі М. Өміряевқа қатысты үкім жарияланды.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, экс-вице-министр 2013 жылғы 21 желтоқсанда кәсіпкерден аса ірі көлемде пара алу кезеңінде қаржы полициясын қызметкерлері тарапынан ұсталған болатын.