Архив событий

29/10/2014

Жаңадан құрылған оқу орталығы өз жұмысын бастады

29/10/2014

Павлодар қалалық сотында жаңадан құрылған оқу орталығы өз жұмысын бастады. Бұл жаңашылдықты енгізу кездейсоқ жүзеге асырылып отырған жоқ. Судьялар құрамының ішінен  34%-ның жұмыс өтілі кемінде үш жыл, ал 38% -нда кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар. Павлодар қалалық соты облысымыздағы азаматтық істерді қарау бойынша базалық сот болып табылатындықтан және әртүрлі санаттағы арыздар мен талап арыздардың көптеп түсуіне байланысты судьялар үшін тұрақты түрде өз білімін қарқынды түрде жетілдіру қажеттігі туындайды.

Баласының көше кезуіне жол берген анаға айыппұл салынды

29/10/2014

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  алты жасар ұлын түн жарымында заңды өкілісіз көшеде жүруіне жол берген, Орал қаласының 32 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет конференция өткізді

29/10/2014

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыс тұрғындарымен онлайн режимінде конференция өткізді.

Интернет-конференцияға қатысқан азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері Ақмола облыстық сотының ресми-сайтындағы төраға блогына кіріп, «Сұрақ-жауап» айдарында өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жолдады. Осы күні облыс тұрғындарынан 8 сұрақ келіп түсті. Барлық сұрақтарға веб-сайтта жауаптар дер кезінде жарияланып отырды.

Қазақстан мен Германия арасындағы тәжірибе алмасу

29/10/2014

2014 жылы  28 қазанда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ф.Эберт атындағы қордың халықаралық сарапшысы з.ғ.д. Герд Велинг, Ф.Эберт атындағы қор Өкілдігінің басшысы Зауреш Шутова, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері бойынша заң консультациясының адвокаты Л.Г.Байбуза сот төрағасы Н.Р.Раззақпен және  судьялар И.Керн, Ж.Алпысбаевалармен кездесті.