Архив событий

02/10/2014

Қарағанды облыстық соттарында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

02/10/2014

Қазақстан Республикасы Президентінің  республика соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағаларын және судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы 2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі Жарлығына сәйкес, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Серікбаев Ермек Қуандықұлы отставкаға шығуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы тағайындалды. Бұрын ол Евразия экономикалық қоғамдастығы сотының төрағасы лауазымында болған.

Қылмыстық заңнамадағы жаңашылдықтар талқыланды

02/10/2014

Павлодар облыстық сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық қылмыстық-атқару кодекстеріндегі негізгі новеллалар» тақырыбында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш жиын Мемлекет басшысы 2014 жылғы 9 сәуірде бекіткен өкімге сәйкес қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа моделіне көшудің бірыңғай мемлекеттік жоспарын орындауға бағытталған.