Архив событий

01/10/2014

Жоғарғы Соттың басшылығы сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді

01/10/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің тапсырмасы бойынша Халықаралық қарттар күнін атап өтуге байланысты ҚР Жоғарғы Сотының басшылығы сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді.

Батыс Қазақстан облысында көлігімен адам қағып кеткен жүргізушіге қатысты алқабилердің қатысуымен үкім шықты

01/10/2014

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен сотталушы К.Қазиевке қатысты кісі өлтіру бойынша істің үкімін шығарды.

К.Қазиев мас күйінде көлік жүргізіп, өзінің жолдасын қағып кетіп, оқиға болған жерден бой тасалаған. Оқиға салдарынан жолдасы  қаза тапты.      

Мемлекеттік тіл барлығымызды біріктіреді

01/10/2014

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Өнер алды - қызыл тіл» атты тақырып бойынша мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың  төрағалары, судьялар  мен  сот қызметкерлері қатысты. Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілде шешендік өнерлерін көрсетті және Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Мағжан Жұмабаевтың  жалынды жырларын оқып, сайыс көрігін қыздыра түсті.