Архив событий

15/10/2014

Елордалық сотта 2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды

15/10/2014

Астана қалалық сотында  2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмысты қорытындылау үшін кеңейтілген отырыс өтті. Осы  шараға қалалық соттың сот алқасының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, қалалық соттың кеңсе басшысы қатысты.

Кеңейтілген отырысты Астана қалалық сотының төрағасы
Т.Е. Бәрпібаев ашты.

Қызылорда облыстық сотында ағымдағы жылғы 9 ай жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

15/10/2014

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2014 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыстарына арналған баспасөз мәжілісі өтті.

Іс-шараға азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі үйлестіруші судья С.Баймаханов қатысты.

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің «Сот ашықтығы – қоғам айнасы» атты мақаласы жарық көрді

15/10/2014

Мақалада атап өтілгендей, осыдан бір жыл бұрын Елбасы еліміздегі сот жұмыстарын одан әрі ширатып, дамыту міндетін алға қойды. Бүгінде республикадағы сот жүйесі айқын бағыт, жаңа қарқынмен жүргізілуде. Жоғарғы Сот Төрағасының тікелей басшылығымен Республика соттарының және судьялар корпусының жұмысы тың серпін алып, сот ашықтығы мен қолжетімділігі арта түсті.