Архив событий

20/10/2014

7-қысқы Азиялық ойындарын ұйымдастыру комитетінің бұрынғы басшысы сотталды

20/10/2014

Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық сотында «2011 жылғы 7- қысқы Азиялық ойындарын ұйымдастыру комитетінің Атқару дирекциясы" АҚ-ның Ақпараттық қамсыздандыру департаментінің телерадиохабар және  медиатехнологиялар басқармасының бұрынғы бастығы Айдар Мусинге   қатысты үкім шығарылды.

Айдар Мусин 2009 жылы тамыз айында өз туысқандарының атына «Алматы қаласындағы Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінің» телекоммуникация жүйесін жобалаушы және тиісті құрылғылармен жабдықтаушы ретінде  компанияны тіркеген.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқарушы жүйе департаментінің қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды

20/10/2014

Бүгін Ақтөбенің №2 сотында 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталған Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің КА-168/4 мекемесінің бұрынғы бастығы С.Б.Қабылов пен оның қарамағындағы жедел–іздестіру бөлімінің бастығы А.Б.Назаровқа қатысты үкім жарияланды.

Алдын-ала тергеуде анықталғандай, мекеме бастығы мен бөлім бастығы 2014 жылғы 13 мамырда сотталған азаматтан 370 мың теңге көлемінде пара алу кезінде қаржы полициясының қызметкерлерімен ұсталған болатын.

Жоғарғы Сот жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексінің Тұжырымдамасын әзірледі

20/10/2014

Мемлекет басшысының 2013 жылы қарашада республика судьяларының VI съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін Жоғарғы Сот Әкімшілік іс жүргізу кодексін әзірлеуге кірісті.

Бүгінгі күні осы нормативтік құқықтық актінің тұжырымдамасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингі өтті

20/10/2014

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің Қазақстанда аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дипломатиялық корпусқа арналған брифингі өтті.

Брифингте Қазақстандағы құқық үстемдігінің қолданыстағы моделі мен сот жүйесі қызметінің негізгі мәселелері сөз болды.

Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова қатысты.

«Деловая неделя» газетінің соңғы санында (2014 ж. 17 қазан, № 40 (1114)) журналист Аман Абаевтың «Независимый суд как гарант инвестиций» атты мақаласы жарық көрді

20/10/2014

Мақалада Қазақстанның экономикалық дамуы мен инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудегі республиканың сот төрелігі жүйесінің қазіргі жағдайына өте нақты әрі егжей-тегжейлі талдау жасалған. Автор заманауи соттар жұмысының мән-маңызын ашып көрсететін бірқатар мәселелерді қамтыған. Атап айтқанда, судьяларды іріктеу, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот тәжірибесін ескере отырып, заңнаманы жаңғырту тәсілдері, соттар жұмысының ашықтығы және т.б.