Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқарушы жүйе департаментінің қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбенің №2 сотында 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталған Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің КА-168/4 мекемесінің бұрынғы бастығы С.Б.Қабылов пен оның қарамағындағы жедел–іздестіру бөлімінің бастығы А.Б.Назаровқа қатысты үкім жарияланды.

Алдын-ала тергеуде анықталғандай, мекеме бастығы мен бөлім бастығы 2014 жылғы 13 мамырда сотталған азаматтан 370 мың теңге көлемінде пара алу кезінде қаржы полициясының қызметкерлерімен ұсталған болатын.

Істі қарау барысында сотталушылардың қылмыстық әрекеттерін сот ҚР ҚК-нің 311-бабы 4-бөлімі «б» тармағынан 2-бөліміне қайта саралады.

Сот іс бойынша дәлелдемелерді зерделей келе, тараптардың маңызды тұжырымдарын тыңдап, С.Б.Қабылов пен А.Б.Назаровты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танып, оларды мүліктерін тәркілей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан 4 жыл мерзімге айыру жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуге жаза тағайындалды.

Сот алдын-ала тергеуде қылмыстық процестік нормалардың бұзылуы жөнінде Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, қаржы полициясының, Ақтөбе облыстық прокуратурасының атына жеке қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі