Архив событий

06/10/2014

Алматы облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

06/10/2014

Бүгін Алматы облыстық сотының жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды. Оған облыстық соттың судьялары, мәслихатының хатшысы Е.Келемсейіт, прокуратура және ішкі істер органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Ашық есік күндері» көшпелі түрде өтуде

06/10/2014

Қарағанды облыстық соты «Ашық есік күндері» көшпелі қабылдау форматында ай сайын облыстың әр түрлі қалалары мен аудандарында өткізуде.

Осы жолғы сапардың алғашқы аялдамасы Ұлытау ауданының №2 аудандық соты болса, кейіннен жұртшылықпен кездесу Жезқазған қалалық сотының ғимаратында жалғасты.

Аталмыш соттарда тұрғындарды облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. Амандық Қанбаев, БАҚ және қоғаммен өзара жұмысты үйлестіруші, судья Раушан Серғазина қабылдады.