Архив событий

09/10/2014

Судьялар журналистермен кездесті

09/10/2014

Бүгін Қостанай облыстық сотында 2014 жылдың 9 айында облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

 Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.А.Шипп ағымдағы жылдың 9 айының статистикалық деректеріне тоқталып, соттарға түсетін талап арыздардың азаматтық істер бойынша ұлғайғанын, ал қылмыстық істер бойынша азайығанын атап өтті.

Ақтөбеде Қазақстанның Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің жаңа ңұсқалары талқыланды

09/10/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында судьялар, прокуратура, құқық қорғау әділет, адвокатура, жергілікті атқарушы органдары, және БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріндегі жазалардың негізгі түрлері мен түсінігі, қылмыстық жауаптылықтан босату, жазаны қолдану және сот ісін жүргізу тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Учаскелік полиция инспекторлары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталуда

09/10/2014

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен (адамдар тобымен алдын ала сөз байласып пара алу) бұрын сотталмаған айыпталушылар А.С. мен С.К.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.