Архив событий

23/10/2014

Катонқарағай аудандық соты бір күнде сот медиациясын қолдану арқылы 3 азаматтық істі аяқтады

23/10/2014

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық соты медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысы 2013 жылы қарашада Судьялардың VI съезінде сотқа дейінгі даулар институтын кеңінен енгізу жөнінде тапсырма бергені белгілі.

Аудандық соттың белсенді  жұмысының нәтижесінде аумақтық кәсіби емес медиаторлардың саны 5-тен 62-ге дейін артты. Соттан тыс  бойынша  мамандандыру енгізілді. Кәсіби емес медиаторлардың ресми тізілімі жасалып, аудандық әкімдік пен аудандық соттың ресми сайттарына орналастырылды.